Адрес сайта
Телефоны регистратуры:
+7 (7132) 77-64-93
+7 (7132) 77-64-94
Версия для
слабовидящих
» » Жастар денсаулық орталықтары
22
сентябрь
2023
+1

Жастар денсаулық орталықтары


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 24.01.2023 ж. «Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» №12 бұйрығының негізінде Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен 22.09.2023 ж. «Анаға Тағзым» ғимаратында «Жастар орталығың қызметін жетілдіру және жақсарту» тақыры бойынша семинар өткізілді.
ШЖҚ «Отбасылық медицина орталығы»-ның қызметкерлері семинарға қатысты.
Жастар денсаулық орталықтары (Жастар денсаулық орталықтары) – репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға және 18 бен 29 жас аралығындағы жастарға медициналық, емдік-профилактикалық көмек, психоәлеуметтік және құқықтық қызмет көрсетеді.
Жастар денсаулық орталығында қандай қызметтер, көмек және қолдау алуға болады?
  1. Репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер;
  2. Гинекологтың, урологтың, дерматовенерологтың консультативтік көмегі;
  3. Емдеу-профилактикалық көмек: репродуктивті денсаулық ауруларының (соның ішінде ЖЖБИ) алдын алу, диагностикалау және емдеу;
  4. Медициналық-психологиялық көмек (оның ішінде психологиялық диагностика, коррекциялық қолдау, консультативтік көмек).