06
февраль
2023
2023 жылдың 3 ақпанында облыс орталығының «Болашақ» тұрғын ауданында орналасқан Отбасылық медицина орталығында 2022 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы туралы есеп беру жиналысы өткізілді
Өткен жылдың желтоқсан айында отбысылық медицина орталығы Ұлттық тәуелсіз аккредитациялау орталығының сарапшыларымен жан жақты зерттеліп, нәтижесінде аккредитеттеудің екінші санатына ие болды.
Дегенмен мамандарды тұрғындар арасында туберкулез дертімен ауыру деңгейі, және онкологиялық дерттердің асқынған түрі тіркелуі алаңдатып отыр. Осыған қоса тіркеудегі 5254 баланың ішінде - 32 баланың ата аналары профилактикалық екпеден бас тартуы да өзекті мәселе. Емханада 2017 жылы екпе алмаған 53 бала тіркелсе 2022 жылы 32 бала, оның ішінде туғалы мүлдем екпе алмаған балалар саны 27 болып отыр. Осыған байланысты, балалардың ата анасы, ата әжелерімен, сондай ақ мектеп пен балабақша, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен қосымша шаралар алыну жоспарланды.
Жиын соңында 2023 жылға межеленген төмендегі негізгі шаралар атап өтілді:
- Ана мен бала денсаулығын қорғау ісіне қосымша ішкі резервтерді пайдалану арқылы аурушаңдық пен өлім-жітімге жол бермеу,
- Емхананың материалдық техникалық негізін нығайту,
- Азаматтардан түсетін арыз-шағымдарды азайту мақсатында медицина қызметкерлерінің коммунативтік дағдыларын арттыру және кәсіби білімін жетілдіру,
- Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып тұрғындарды ковид-19 және маусымдық грипп инфекциясына қарсы егу,
- Әлеуметтік маңызы бар науқастармен аурушаңдық көрсеткішін төмендету,
- Тұрғындарды тегін берілетін сапалы дәрі-дәрмекпен жыл бойы үздіксіз қамтамасыз ету.