15
март
2019
Өзіңді туберкулезден қорға!
№ 68 Жалпы білім беретін орта мектепте Отбасылық медицина орталығының СӨС маманымен ұйымдастырылған және дәрігер-фтизиатрдың қатысуымен "Өзіңді туберкулезден қорға!" атты ұранымен оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді.
Семинар барысында "Туберкулез ауруын алдын алу, клиникасы мен симптомдары" тақырыптары қамтылды. Іс-шараның соңында "Ауру емделеді" атты деректі фильм көрсетіліп, " Сен туберкулез ауруы туралы не білесің?" тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.