28
сентябрь
2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес, 2023 жылдың үшінші тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға бағытталған келесідей жұмыс жүргізілді:
1. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілерінің мониторингі.
2. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілерін анықтау.
3. Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыратын адамдарды белгілеу.
4. Жұмысқа орналастыру бойынша жәрдем көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе қызметтерді қабылдау фактілерін анықтау.
Комплаенс менеджері және кәсіпорынның кадр қызметімен бірлесіп жұмыс жүргізілді, жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша қазіргі уақытта жоғарыда аталған фактілер мен заңбұзушылықтар мекемеде анықталған жоқ.