Адрес сайта
Телефоны регистратуры:
+7 (7132) 77-64-93
+7 (7132) 77-64-94
Версия для
слабовидящих
» » Ізгілік пен игі істің нәтижесі жемісін береді.
18
ноябрь
2022
+1

Ізгілік пен игі істің нәтижесі жемісін береді.

Жуырда облыс орталығының «Болашақ» ықшам ауданының тұрғындарына жедел медициналық жәрдем көрсету мақсатына арнайы санитарлық автокөлік бөлініп, халыққа көрсетілетін қызмет уақыты қысқарып, сапасы едәуір жақсарып отыр. Бүгінде Отбасылық медицина орталығында заманауы құралдармен жарақталған екі жедел жәрдем көлігінде жоғары және бірінші санаттағы білікті дәрігерлер мен фельдшерлер қызмет көрсетеді.
2017 жылы дербес ұйым болып қайта құрылған Отбасылық медицина Орталығы қазіргі таңда 16200-ден астан тұрғынға медициналық көмек көрсетіп отырған іргелі емдеу орнының біріне айналып, ықшам аудан тұрғындары қол созым жерде орналасқан емханада тиісті амбулаторлық көмектің барлық түрін тегін алуға мүмкіндік туып отыр. Соңғы 5 жыл ішінде Орталыққа тіркелген тұрғындар арасында медициналық-демографиялық ахуал жақсарып, азаматтардың денсаулық көрсеткіштері де айтарлықтай жоғарылап келеді.
Қоғамымыздың баға жетпес асыл қазынасы болып танылатын халқымыздың денсаулығын қорғау ісіне жанашырлық көрсетіп, істің басында жүрген, жергілікті атқару органдарындағы және денсаулық сақтау басқармасындағы азаматтарға, Отбасылық медицина Орталығы ұжымы мен «Болашақ» ықшам ауданы тұрғындары атынан үлкен ризашылығымыз бен ыстық ықыласымызды білдіреміз. Еліміздің жарқын болашағы үшін қалтқысыз қызметіңізде толағай табыс пен үлкен абырой тілейміз!
Құрметпен,
Отбасылық медицина
орталығының бас дәрігері Самат Даньяров